Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданының жер қатынастары бөлімінің қызмет есебі

Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің он түрін көрсетеді, олар:

- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;

- «Ауыл шаруашылығы алқаптарың бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»;

- «Ауылының шекарасында салу үшін жер беру» ақылы негізінде;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

- «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

Он бес мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасы негізінде ақысыз көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтердін көрсету барысында Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді.

2020 жылда Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 10 түрі бойынша 256 қызмет, оның ішінде:

- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 165 қызмет көрсетілді;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 8 қызмет көрсетілді;

- «Ауыл шаруашылығы алқаптарың бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» - 25 қызмет көрсетілді;

- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру» - 2 қызмет көрсетілді;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 55 қызмет көрсетілді;

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 1 қызмет көрсетілді;

2020 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде ең талап етілетін мемлекеттік қызмет «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 165 қызмет көрсетілді.

Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады «Целинное знамя», «Жаркаин тынысы» газеттерінде жарияланады.

Скачать отчет.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы