«Бірсуат ауылының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жеті мемлекеттік қызмет көрсетеді «6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою», "Шалғайдағы ауылдық елдiмекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керiтегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау", «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтің түріқағаз формасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді. 2020 жылда Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" -1 қызмет, egov электронды үкімет порталы арқылы 8 мемлекеттік қызмет. Басқа мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Бірсуат ауылы әкімі аппаратында баршаға көрінетін жерде ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя», «Жарқақайы тыңысы» апталық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланды. 2020 жылға Бірсуат ауылы әкімінің аппартымен мемлекеттік қызметті көрсету процессінің қол жетімділігін қамтасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Бірсуат ауылы сонымен қатар мемлекттік қызметтің электронды үкімет арқылы көрсетілу мүмкіншілігі туралы стенд бар. 2020 жылы Бірсуат ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары жөнінде бір кеңес өткізілді – 2020 жылдың мамыр айында «Мемлекеттік қызметтер стандарттарының сақталуы» тақырыбына кеңес өткізлід. 2020 жылдың басынан бастап Бірсуат ауылы мемлекеттік қызметтің көрсетілу стандарты және олардың көрсетілу реті туралы стенд рәсімделді. Бірсуат ауылы әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну ппроцессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау ретімен жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызмет стандарттарын жетілдіру үшін қолданылады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Бірсуат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағым түскен жоқ. 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ. Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділі мен жетілдіру үшін мемлекеттік қызмет стандарттары жобасын ашық талқылау негізінде мемлекеттік қызметті көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің қысқартылуына, қызметті тұтынушылармен ұсынылатын құжаттар тізімінің қысқартылуына бағытталған шаралар, сонымен қатар процесстер қолдану. Сәйкес келетін шаралар қолдану, соның ішінде мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы. Қызмет қолданушылардың мемлекеттік қызмет көрсету түбіртектерін толыру негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылу мониторингін тоқсан сайын жүргізіп отыру, аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократизм мен түсініспеушіліктерді болдурмау, мемлекеттік қызмет көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру.