Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Жарқайың ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметтері туралы есебі

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Жарқайың ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметтері туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер
  • Қызметті ұсынушылар туралы мәліметтер.

Жарқайың ауданы бойынша мемлекеттік қызметтерді 62 қызметті ұсынушылар көрсетеді (әрі қарай – Есепке көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, ауыл және ауылдық округтер, Державин қаласы әкімдерінің, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерінің мәліметтері енгізілген).

  • Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Ауданның жергілікті атқарушы оаргандары ммелекеттік қызметтің 85-түрлерін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтің 12 түрі ақылы негізде көрсетіледі, ал 73-ақысыз негізде көрсетіледі. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпарациясы арқылы мемлекеттік қызметтің 17- түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтің 20 түрі қағаз және (немесе) электронды формада көрсетіледі.

            2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны – 4852, соның ішінде:

 - мемлекеттік корпарациясы арқылы – 881;

  • Электронды түрде - 3312 (ЭҮП, қызметті ұсынушының ақпараттық жүйесі);
  • Қызметті ұсынушылар арқылы – 659.

         2020 жылы  ауылдық округтерге «Мобильді ХҚКО» 24 рет шығуы жүзеге асырылды, сапарлар барысында ауылдық округтерінің тұрғындарынан мемлекеттік қызмет көрсетуге – 1430 өтініштер қабылданды, аудан бойынша тұрғындар саны – 13413 адам.

Мемлекеттік қызметтерді

«Электронды үкәміт порталы» арқылы көрсету

3) Аса талап етілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

          2020 жылы өткізілген талдаудың негізінде мемлекеттік қызметтің  ең көп талап етілетіні – білім, әлеуметтік қорғау және азаматтық күй актілері саласындағы қызметтер болып табылады: Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, Мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарына құжаттарды  қабылдаю және  балаларды қабылдау, Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер,толықтырулар мен түзетулер енгізу, Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру, Жұмыс іздеуші және жұмыссыз тұлғаға көмек көрсету.

  1. Қызметті тұтынушылармен жұмыс
  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету реті туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен негіздері туралы мәліметтер.

         Ауданда көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттар жергілікті «Жарқайың тынысы» және «Целинное знамя»  газеттерінің басылым беттерінде, сондай-ақ Жарқайың ауданының «Мемлекеттік қызметтер» интернет-ресурсында  орналасқан. Сонымен қатар, ақпараттар мемлекеттік органдарда және қала және ауылдық округтер әкімдерінің жалпы рұқсат етілген ақпараттық бұрыштарында орналасқан,

 «Мегаполис» радиосы арқылы және «Сары-Арқа» телеарнасында жүгіртпе жолдары бойынша хабардар етіледі.

  • Мемлекеттік қызметті көрсету ретін анықтайтын заңнамалық нормативтік құқықтық актілердің жобасын ашық талқылау туралы ақпарат.

         2020 жылы аудан әкімінің сайтына мемлекеттік қызмет жобасын ашық талқылау барысында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалары).

         Жарқайың ауданының әкімдігімен 2020 жылы мемлекеттік қызметті көрсету барысын айқындауды қамтамасыз етуге бағытталған құқық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жарқайың ауданының әкімімен бекітілген 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметті электронды ақпараттық технологияларда қолдану бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Аталған жоспарға сәйкес Жарқайың ауданы әкімдігінің сайтында «Мемлекеттік қызмет» бөлімі тұрақты түрде жаңартылып отырады.

          Ауданның 61 мемлекеттік органында электронды мемлекеттік қызметтер көрсету үшін «Е-GOV» бұрыштары қызмет көрсетеді. 2020 жылға 469 мемлекеттік қызметі ауылдар мен ауылдық окру әкімдерінің аппараттарындағы «Е-GOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілді.

2020 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының көрсеткіштерін жақсарту бойынша апталық аппараттық кеңестерде мемқызмет көрсететін мемлекеттік органдардың басшылары тыңдалды.

          2020 жылы ауданда мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша әкімдік мәжілісінде барлығы – 31, кеңес- семинары мен «дөңгелек үстелдер» өткізілді.  

         2020 жылы Жарқайың ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру жоспары бойынша барлығы 200сөз сөйлеулер мен басылымдар болды, олар: радиода – 6, телеарнада – 6, 19 мемлекеттік мекемелердің басшылары»Адал көмек» жобасы бойынша сервистік әкімдік алаңында тікелей эфирде сөз сөйледі және Instagram және Facebook желілерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету реті туралы 83 инфографика орналастырылды.

          Мемлекеттік тапсырыс бойынша аудандық газеттерде Жарқайың ауданы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мақалалары басылып шығады. Мобильді ХҚКО жетілдіру мақсатында, аудандық «Жарқайың тынысы» және «Целинное знамя» газеттерінде ақпараттар басылып шығады.

         2020 жылдың басынан бастап әрбір мемлекеттік органда (10), аумақтық округтер әкімдіктерінде (18), мемлекеттік қызметті көрсететін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында (34) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен стендтер және олардың қызмет көрсету тәртібімен ресімделеді.

          2020 жылы ауданды сервистік әкімдік ашылды, ондда тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жұмыстары ұйымдастырылды.

          Тұрғындармен электронды мемлекеттік қызметтерді өз беттерімен алу үшін және ыңғайлы болу үшін «Сервистік әкімдікте» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталды.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандыру қорытындылары.

Осыған орай, 2020 жылдың 17 қазанында мемқызметтерді көрсетуді қарастыратын мемлекеттәк қызметтердің Тіркеліміне енгізілді.

Мемқызметтерді көрсету процессін автоматтандыру мақсатында, Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірігіп, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді әлеуметтік қызмет порталы арқылы көрсету бойынша пилоттық режимде жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында, ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

        2020 жылы мемлекеттік мекемелердің 7 маманы «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РММ Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттырудан өтті. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметті ұсынушы қызметкерлерімен  техникалық оқу өткізілді. Оқудан 133 қызметті ұсынушы өтті.

          3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру. 2020 жылдың 17 қазанында мемқызметтерді көрсетуді қарастыратын мемлекеттәк қызметтердің Тіркеліміне енгізілді, атап айтқанда білім саласында 2 мемлекеттік қызмет, әлеуметтік сала -7 мемқызмет, ТҮКШ-3 мемқызмет бойынша.

          4) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау.

          1) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеру жөніндегі қыцзметті тұтынушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

       2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағымдар түскен жоқ.

          2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау қорытындылары.

          Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2020 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сай, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін сараптау бөлімімен 4 бақылау іс-шаралары өткізілді: кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғйн үй инспекциясы бөлімі, жер қатынастары және білім бөлімі. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша жер қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғйн үй инспекциясы бөлімдерінде 2 айырмашылық дерегі анықталды, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту». Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша 2 қызметті ұсынушы қызметкер сөгіс ретінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

4) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің қорытындылары. Қоғамдық мониторингтің қорытындысына сай, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына 2020 жылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу анықталған жоқ.

Мемқызметтердің жалпы қанағаттандыруға қатысты аудандардың, қалалардың рейтингтеріне сай, Жарқайың ауданы бойынша 8,93% құрады.

5) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қызметті алушылардың қанағаттануын жетілдіру және әрі қарай тиімділігінің жетістіктері.

Қызметті алушылардың қанағаттануын жетілдіру мақсатында, 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жетілдіру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселелері бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын жетілдіру қазіргі уақытта мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің басты бағыты болып қала бермек.: мемлекеттік басқарудың жетілдірудің мақсатты көрсеткіштерінің бірі – азаматтардың мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына қанағаттануын жетілдіру болып табылады. Яғни «сервисті мемлекет» моделіне көшу мақсаты бекітілді, онда мемлекеттік басқару органдары қызметтерді азаматтар мен ұйымдардың қызығушылығымен көрсетеді, ал мемлекеттік басқарудың сапасының негізгі бағасының бірі ол азаматтардың мемлекеттік қызмет ұсыну сапасына қанағаттануы.       2020 жылға мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы  2020 жылдың есебін талқылау жөніндегі ұсыныстар, ескертулер, ұсыныс берулер  мына электронды мекенжай бойынша қабылданады: zharkain-gosuslugi@aqmola.gov.kz.

 

Жарқайың ауданы әкімдігінің

2020 жылға мемлекеттік

қызметтерді көрсету мәселелері

жөніндегі қызметі есебіне

қосымша

 

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті тұтынушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым жасаушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шешім қабылдаған және (немесе) шағымды қарастырған орган (ұйым)

Қарастырылған күні

 шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Скачать отчет.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы