Меню

Страницы

Статья

ЖОО түлектері конкурстық іріктеусіз мемлекеттік қызметке өте алады

ЖОО түлектері конкурстық

іріктеусіз мемлекеттік қызметке өте алады

 

Құрметті жас маман!

         Жоғарғы оқу орындарының түлектері оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі  төменгі мемлекеттік лауазымдарға өтуге мүмкіндітері бар.  Ол үшін жастарға біріншіден жоғарғы оқу орнын мемлекеттік тапсырыс аясында тәмәмдау және екіншіден,  GPA қорытындылары 3,33 кем болмауы қажет.

         Сіздің мемлекеттік қызметтегі нақты вакантты лауазымдарға конкурстан тыс орналасуға мүмкіндігіңіз бар!

Егер Сіз мемлекеттік грант есебінен жоғары білім алып, оқуды жақсы нәтижемен (GPA кем дегенде 3.33) аяқтаған болсаңыз, онда диплом алғаннан соң бір жыл ішінде конкурсқа қатыспай келесі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды иелене аласыз:

- әкім және мәслихат аппараттарының төменгі лауазымына;

- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органының басшылық емес лауазымына;

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;

- орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетаудан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына.

Сондай-ақ сіз басқа кенттерге, ауылдық округтерге жасқанбай көшу мәселесін қарастыра аласыз – бұл жағдайда көтермелеу жәрдем ақысы және тұрғын үй алу немесе оның құрылысына бюджеттік кредит қарастырылған.

Егер Сізді бұл мәселе қызықтырса, Жарқайың ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне қосымша ақпарат алу үшін 87164891681 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Жұмыс кестесі: дүйсебі-жұма, сағат9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

          

 

Жарқайың ауданы әкімінің аппараты

 

 

Дата публикации
13 мая 2024
Дата обновления
13 мая 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы