Жарқайың ауданында көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін а.ж. 20 наурызынан бастап аудандық азаматтық қорғау кіші жүйесі "жоғары дайындық" режиміне ауыстырылды, аудандық жедел штаб бойынша жауапты тұлғалардың кезекшілік кестесі әзірленді.
Бүгінгі таңда ауданның елді мекендерінен 42000 текше метрден астам қар шығарылды. Ұзындығы 5,2 км 60 арық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 40 су өткізу құрылғысы, аудан аумағы арқылы өтетін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 21 су өткізу құрылғысы тазартылды. Бұл жұмыс жалғасуда.