2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы есеп
«Жарқайың ауданы Отрадное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алты түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады: «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату», «Сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».
Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды, өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 75 қызмет көрсетілді, "ЭЦҚ қашықтан алу" - 45, «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама»-5, «Сотталмағандығы туралы анықтама» - 14, «тіркеуден шығару» -1, «жеңілдігі бар адамдарға анықтама беру» -1, «әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру» -1, «әскери билет беру» -1, «психикалық сауықтыру туралы анықтама» наркология орталығы» -2, «психиатрдың психикалық денсаулық орталығынан анықтама»-2, «фтизиатрдың анықтамасы»-2
Мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.
2023 жылы ауылдық округте мемлекеттік қызметтің 8 қызмет көрсетілді, «Сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 1 кезең -5, 2 кезең-3. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» - 3.
2023 жылы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған түсініктеме іс-шаралары өткізілді.
Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет арқылы алу мүмкіншілігі туралы тұрғындарға арналған стенд орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бойынша Отрадный ауылдық округінде 2023 жылы «Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын сақтау: негізгі проблемалар» атты тақырыбында кеңес өткізілді – 2023 жылғы қыркүйек айы.
2023 жылдың басынан бастап Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен және көрсетілу ретімен стенд дайындалды.
Отрадный ауылдық округінің барлық мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес, біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау әдісімен жүзеге асырылады. Ашық талқылаудың қорытындылары мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызметтердің стандарттарын жетілдіру үшін қолданылады.
2023 жылдың 04 қаңтарынан бастап 29 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызметшілердің тұтынушыларынан «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау, бағалау және мемлекеттік қызметтер сапасының қоғамдық мониторингі келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) әділдік;
3) адалдық;
4) анықтық.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтің көрсетілуінің сапасын қанағаттандыру тиімділігі және жетілдіру үшін тұтынушыларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау негізінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің, құжаттар тізімінің, сондай-ақ процесстің бөлімдерінің қысқартылуына бағытталған шаралар қабылдансын.
Мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуіне бағытталған ұйымдастырушылық мәндегі сай келетін шаралар қабылдансын.
Тұтынушылармен мемлекеттік қызметтіқолдану кезінде түбіртектерді толтыру негізінде, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасының қанағаттандырылуына мониторингті тоқсан сайын жүргізу, аппараттағы мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бюрократизм мен ұзаққа созуды болдырмау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процессін үнемі жетілдіру.