Меню

Страницы

Статья

2019 жылы "Ақмола облысында іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" облыстық көрмесін өткізу туралы ақпарат

 «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» өңірлік конкурсын өткізуді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен «2018 жылы Ақмола облысында іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» облыстық көрмесін (бұдан әрі - көрме) өткізу жоспарлануда.

Көрме қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді. 

Конкурс аумақтық, өңірлік және республикалық үш кезеңде өткізіледі.

Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады. 

Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін мыңадай өлшемшарттар талап етіледі:

1) жобаны іске асыру мерзімі;

2) жобаның конкурс мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

3) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

4) жобаның қолжеткізген нәтижелері;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

Ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар:

Ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар:

1) ұсынылған презентациялық материалдарды қазақ және орыс тілдерінде (логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация) сапалы рәсімдеу;

2)осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес техникалық талаптарға сәйкес презентация ұзақтығы 3 минутқа дейінгі бейнеролик әзірлеу.

Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№ 1 қосымша) ұсынылуы қажет.

Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілген телефонына 9-23-08, хабарласуларыңыз қажет.

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы ережеге 1-қосымша

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсына қатысуға арналған

өтінім

 

Әлеуметтік жобаның авторы

(ұйымның атауы және/немесе автордың аты-жөні)

 
 

Жоба авторына қысқаша аннотация

 
 

Әлеуметтік жобаның атауы

 
 

Жобаның логотипі

 
 

Өтінім ұсынылған бағыт атауы*:

1 ) «Әлеуметтік проблемалардың шешілуін ақпараттық ілгерілету»

2 ) «Әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту»

3 ) «Бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету»

4 ) «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»

5 ) «Қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және түрмеден босатылғандар және т.б.)»

 

Іске асыру мерзімі

 
 

Өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы

 
 

Қол жеткізілген нәтижелер

 
 

Ұқсас жобаларды іске аыру тәжірибесі (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту)

 
 

Қаржыландыру көзі

(қайырмалдықтар, гранттар, қайрымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты)

 
 

Аумақтық қамту (жобаны масшабтау)

 
 

Қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қосқанда тұрғындарды қамту

 
 

Әлеуметтік жоба туралы DVD жеткізгіште видеоролик (3 минутқа дейін)

 
 

Өңір

 
 

Аудан

 
 

Байланыс ақпараты

(телефон, e-mail және басқа)

 
 

Өтінім берілген күні

 
Дата публикации
20 июня 2020
Дата обновления
20 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы