Құрметті азаматтар!
Коронавирустық инфекция бойынша әлемдегі жағдайға байланысты және әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден сіздің денсаулығыңызды және жақындарыңызды сақтау үшін келесі алдын алу шараларын сақтауды сұраймыз:
- вирусты аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, дене қызуының жоғарылауы);
- дене қызуын мүмкіндігінше күніне 2 рет өлшеу қажет;
- тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
- тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар «Санфор», «Белизна», «Даместос» заттарды, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;
- жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т. б.);
- қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған соң, қол алысқаннан кейін, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын);
- қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;
- адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;
- жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;
- жөтелу мен түшкіру этикетін сақтану – жөтел мен түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен, дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін зарарсыздандыру керек.;
- қолға арналған антисептиктердің орнына спирт ерітіндісін қолдануға болады;
- қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықта дистанцияны сақтау;
- азық- түліктердердің орамдарын ашар алдында спирт ерітіндісіне немесе дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған ылғалды шүберекпен сүрту қажет;
- тұрғын үйге кіре берісте "Белизна", "Санфор", "Даместос" және т. б дезинфекцияланған сулы шүберек салып қою қажет;
- ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;
- короновирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып алуға болады.
Осы ережелерді сақтау сізге денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді!