«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша есебі
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 465, «Жұмыссыздарды тіркеу» - 361, «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» - 397, «Жұмыссыз ретінде тіркелген туралы аңықтама беру» - 0. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру» - 0. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 102.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі №88-V«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын басшылыққа алады, стандарттары мен регламенттеріи бекітілген.
2022 жылы "Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-де барлығы 1325 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлық қызметтер электронды түрде көрсетілді.
2022 жылы жүргізілген талдау негізінде әлеуметтік қорғау саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 465.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ақпараттық бұрыштар мен «Целинное знамя», «Жарқайың тынысы» газеттерінде жарияланады.
«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі жайында келушілерге ақпарат орналастырылған бұрыш бар.
Жергілікті «Целинное знамя» газетіне және «Жарқайың тынысы» газетіне «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы» мақалалары жарияланады.
«Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары кестеге сәйкес 3 жыл сайын квалификациясын көтеру курстарын өтеді. Пікірталастар мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жасарту үшін қолданылады.
2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды тарапынан «Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша шағымдар болған жоқ.