Меню

Страницы

Статья

Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі Есебі

Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі Есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады. "Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жеті Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. "Балалар ұйымдарына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою" - 0,
  2. "Бөлінген ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" - 0,
  3. "Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату" - 0,
  4. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" - 0,
  5. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";

6."Жер учаскесін алуға кезекке қою" - 0,

  1. "Сауда– саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" - 0.

Тасөткел ауылы әкімінің аппаратында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды, өзіне — өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 87 қызмет көрсетілді: "соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама — 18", "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру-14", "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру-14", " жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама беру — 9", "Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу — 14", "Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару — 3", "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама – 15". Барлық мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 24-бабының негізінде тегін көрсетіледі. Барлық мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады. 2022 жылы жүргізілген талдау негізінде мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы немесе қосымша арқылы электрондық форматта көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Тасөткел ауылы әкімінің аппаратында қоғамдық орындарда ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті "Целинное знамя", "Жарқайдың тынысы" газеттерінде жарияланады. 2022 жылы Тасөткел ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Тасөткел ауылында келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.

2022 жылы Тасөткел ауылында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша "электрондық үкімет порталы және қосымша арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы"тақырыбында бір кеңес өткізілді. 2022 жылдың басынан бастап Тасөткел ауылында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар стенд ресімделді. Тасөткел ауылы әкімі аппаратының маманы әр үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағымдар жоқ. 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді: 1) заңдылық; 2) объективтілік; 3) бейтараптық; 4) сенімділік; Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау "мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге тұтынушылардың қанағаттануы" критерийлері Мемлекеттік қызмет алушылардың көрсету карточкаларын толтыру негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау негізінде көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқартуға, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар тізбесіне, сондай-ақ процестің буындарына бағытталған шаралар қабылдансын.

Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған тиісті шараларды, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қабылдау. Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану мониторингін жүргізу, аппаратта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, ауылда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру.

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы