2022 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі
Жарқайың ауданының Пятигор ауылы әкімі қызметінің
есебі
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды аспектісі және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе қандай да болмасын өзге жағдайлары бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында дұрыс және анық есеп беруі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі үнемділігі пен тиімділігі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және стандарттар мен регламенттермен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
«Жарқайың ауданының Пятигор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бес мемлекеттік қызметті көрсетеді:
4 . Жер учаскесін жеке меншікке бір жолғы немесе бөліп - бөліп сату
2022 жылы 2 бұйрық қабылданды:
- жер учаскесін беру туралы 2 – өкім.
- 1 жер учаскесін беру туралы өкім
- 1 жер учаскесінің нысаналы бағыттауды өзгерту үшін шешім шығару туралы өкім
«е.gov» бұрышы арқылы 37 - қызмет көрсетілді. Осылайша:
- 6 соттылықтың болуы туралы анықтамалар
- 6 психоневрологиялық ұйымнан анықтамалар
- 6 наркологиялық ұйымнан анықтамалар
- 1 мұрағаттық анықтама беру
- 4 қайтыс болу туралы хабарлама алу
- 6 анықтама 2-нысандағы
- 3 анықтама 2-нысандағы
- 3 адам тұрғылықты жері бойынша тіркелген
- 1 салық берешегі туралы анықтама
2022 жылы мемлекеттік қызметті алған адамдардың саны – 14 адамды құрайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы ақпарат Пятигор ауылы әкімінің аппаратында баршаға қол жетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» және «Жаркаиың тыңысы» газеттерінде, Жарқайың ауданының Web-порталында, әлеуметтік желілерде жарияланады. Келушілер үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған.
2022 жылы Пятигор ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында 2022 жылғы сәуір айында Instagram желісінде жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет қағидасын түсіндіру жөніндегі ақпарат орналасты.
Пятигор ауылы әкімі аппаратының барлық мамандары әрбір үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын ашық талқылау арқылы жүзеге асырылады. Ашық талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін жұмыста ескеріледі.
«Жарқайың ауданының Пятигор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызметті тұтынушыларынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетуге бағытталғандарға, оның ішінде ұйымдастырылған сипаттағыларға тиісінше шаралар қабылданды.
Аппаратта мемлекеттік қызметті көрсету сапасы жақсаруда, ауылда мемлекеттік қызметті көрсету барысында төрешілдік және бюрократизм көріністеріне жол жіберілмейді, мемлекеттік қызметті көрсету барысында тұрақты жасалады, мемлекеттік қызмет көрсету процесі үнемі жетілдірілуде.