Меню

Страницы

Статья

2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы есеп

2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы есеп

 

«Жарқайың ауданы Отрадное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алты түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады: «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату», «Сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».

Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды, өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 75 қызмет көрсетілді, "ЭЦҚ қашықтан алу" - 35, «Баланың туылуына және бала күтіміне бір жасқа дейінгі жәрдемақы тағайындау» - 3, «Сотталмағандығы туралы анықтама» - 10, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру»- 3, «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама» - 24.

Мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.

2022 жылы ауылдық округте мемлекеттік қызметтің екі түрі бойынша 7 қызмет көрсетілді, «Сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 6, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» - 2.

2022 жылы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған түсініктеме іс-шаралары өткізілді.

Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет арқылы алу мүмкіншілігі туралы тұрғындарға арналған стенд орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бойынша Отрадный ауылдық округінде 2022 жылы «Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын сақтау: негізгі проблемалар» атты тақырыбында кеңес өткізілді – 2022 жылғы қыркүйек айы.

2022 жылдың басынан бастап Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен және көрсетілу ретімен стенд дайындалды.

Отрадный ауылдық округінің барлық мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес, біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау әдісімен жүзеге асырылады. Ашық талқылаудың қорытындылары мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызметтердің стандарттарын жетілдіру үшін қолданылады.

2022 жылдың 05 қаңтарынан бастап 30 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызметшілердің тұтынушыларынан «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау, бағалау және мемлекеттік қызметтер сапасының қоғамдық мониторингі келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) әділдік;

3) адалдық;

4) анықтық.

Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтің көрсетілуінің сапасын қанағаттандыру тиімділігі және жетілдіру үшін тұтынушыларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау негізінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің, құжаттар тізімінің, сондай-ақ процесстің бөлімдерінің қысқартылуына бағытталған шаралар қабылдансын.

Мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуіне бағытталған ұйымдастырушылық мәндегі сай келетін шаралар қабылдансын.

Тұтынушылармен мемлекеттік қызметтіқолдану кезінде түбіртектерді толтыру негізінде, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасының қанағаттандырылуына мониторингті тоқсан сайын жүргізу, аппараттағы мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бюрократизм мен ұзаққа созуды болдырмау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процессін үнемі жетілдіру.

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы