"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" идеясы мемлекеттік аппараттың халықтың сұранысына сезімталдығын арттыруды, билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үздік технологиялары мен тәжірибелерін әзірлеуді көздейді. Азаматтық қоғам жаңа технологияларды қайта құруы, енгізуі және пайдалануы, жаңа құзыреттерге ие болуы қажет.
Жарқайың ауданының қоғамдық мониторингі Шойындыкөл ауылындағы нысанды аралады.
"Шойындыкөл ауылының жерасты көздерінен сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау" республикалық бюджет қаражатынан 418,5 млн. теңге бөлінді. Жобада су алу ұңғымасын бұрғылау және жайластыру, алаңнан тыс су құбырын салу және су тарату пунктінің құрылысы көзделеді. Шарт Алматы қаласындағы "Монолит" ЖШС-мен жасалды, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.