Меню

Страницы

Статья

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлық

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлық
2023 жылғы 19 қаңтар
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын тағайындау, даярлауды ұйымдастыру және кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президент
Қ. Тоқаев
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 қаңтар
№ 105

Дата публикации
26 января 2023
Дата обновления
26 января 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы
27 августа 2026
Қол жетімді жер
27 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы