Отбасының цифрлық картасы
Елімізде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде «Отбасының цифрлық картасы» (бұдан әрі – ОЦК) ақпараттық жүйесі енгізілді - бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және проактивті форматта оларға кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпаратын жинақтайтын ақпараттық жүйе.
Проактивті форматта ОЦК-сы көмегімен яғни минималды сіздің қатысу арқылы жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша қызметтерін ала аласыз:
1) жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
2) бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
3) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
4) асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем;
5) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) берілетін жәрдемақы;
6) мүгедектік бойынша жәрдемақы;
7) көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
8) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы;
9) атаулы әлеуметтік көмек.
Бұл қалай жұмыс істейді, ОЦК - әртүрлі мемлекеттік органдардан азаматтар туралы барлық ақпаратты бірыңғай дерекқорға жинайды. Жүйе бес критерий бойынша анықталатын отбасылардың әл-ауқатына талдау жасайды: экономикалық өмір сүру жағдайы, денсаулық сақтаумен қамтылуы, мүгедектердің болуы, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар, біліммен қамтылуы, отбасы мүшелерінің білім деңгейі.
Мысалы, егер жүйе атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасын анықтаса, онда жәрдемақы тағайындаудың бүкіл процесі үш кезеңнен тұрады: мұқтаж отбасы әлеуметтік көмектің әлеуетті алушысы екендігі туралы хабарламамен СМС - хабарлама алады. Хабарламада отбасының материалдық жағдайын тексеруге келісім берілген жағдайда учаскелік комиссия жіберілетіні көрсетіледі.
Егер СМС - хабарлама алған азамат оған келісімімен жауап берсе, онда барлық әрекеттер атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орындалады. Яғни, учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайына зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша қорытынды дайындайды. Жұмыспен қамту орталығы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының жиынтық табысын есептейді, отбасының жұмыссыз еңбекке қабілетті мүшелеріне жұмысқа орналасу, тегін оқу мүмкіндігі, өз ісін ашу үшін өтеусіз гранттар мен микрокредиттер және т.б.
Сіз әлеуметтік төлемнің әлеуетті алушысы екеніңізді білдіретін SMS-хабарламалар тек бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірінен түсуі керек екенін ескеру маңызды. Басқа нөмірден жәрдемақы алу туралы ұсыныс түссе, оған жауап бермеңіз.
Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі