Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылдың 12 сәуірінде өткен Ақмола облысы Жарқайың ауданының Тассуат ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

         2026 жылғы 12 сәуірде Тассуат сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Тассуат ауылының әкімін сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Тассуат ауылының әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Тассуат сайлау округі

Тассуат ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 154 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 131. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 1.   

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

Қ.М.Меңдібек – 11; Р.Қ.Тастеміров– 102; Н.Б.Шпанова – 15.

         Тассуат ауылының әкімі болып Тастеміров Рашид Қалибекұлы сайланды, 1981 жылы туған, Жарқайың ауданы Тассуат ауылының әкімі, Тассуат ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.

 

                  

         Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
13 апреля 2026