2026 жылдың 12 сәуірге тағайындалған Жарқайың ауданы Тассуат ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

     

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жарқайың  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жарқайың  ауданы Тассуат  ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеді: 

 - Меңдібек Қуаныш Меңдібекұлы, 1976 жылы туған, Жарқайың ауданының «Уәлиханов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жарқайың ауданы Уәлиханов ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Тастеміров Рашид Қалибекұлы, 1981 жылы туған, Жарқайың ауданының «Тассуат ауылы әкімінің аппараты», ММ-сі, әкім, Жарқайың  ауданы Тассуат ауылында тұрады («AMANAT» партиясы).

- Шпанова Назира Бәкібекқызы, 1990 жылы туған, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі, басшы, Жарқайың ауданы Державин қаласында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

Жарқайың  ауданы Тассуат ауылының әкіміне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

             2026 жылдың 22 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 11 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

            Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

 

 

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
19 марта 2026