Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 17 наурызда сағат 18.00-де Жарқайың  ауданы Тассуат ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Тассуат ауылы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (66,6 %) - өзін-өзі ұсынды, AMANAT партиясынан - 1 (33,4%).

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

 Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 22 наурыз сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
18 марта 2026