Жарқайың ауданы Тассуат ауылы бойынша сайлау учаскесінің шекаралары туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына,  «Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Тассуат ауылының әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жарқайың аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы № 37/3 қаулысына және «Сайлау учаскелерін құру туралы» Жарқайың ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 3 шешіміне сәйкес №504  сайлау учаскесінің шекаралары туралы хабарлаймыз.

№ 504 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Тассуат а., Ы.Алтынсарин к., 23, негізгі орта мектебінің ғимараты, тел.8(71648) 93-2-80.

Шекаралары: Тассуат ауылы.

Жарқайың ауданының әкімі

 

Дата публикации
11 марта 2026