Жарқайың ауданы Тассуат ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына,  22 бабының 2 тармағына және «Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Тассуат ауылының әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы №37/3 қаулысы мен Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 наурыздағы №43/251 «Жарқайың ауданы Тассуат ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Тассуат ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы және Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Жарқайың ауданы Тассуат ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары

Тассуат ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Тассуат сайлау округі Тассуат ауылының шекарасында.

 

Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Державин қ., Мир к., 78, 1-қабат, 9 каб., тел. 8(71648) 9-12-10.

 

Комиссия төрайымы – Рамазанова Жанар Хабидоллақызы; төрайымының орынбасары – Абитаева Эльмира Алтайқызы;  хатшысы – Бижанов Жангелді Мұхамбетқалиұлы; комиссия мүшелері: Жүсіпбекова Мәншүк Мақсұтқызы, Муташева Марина Анатольевна, Николайцева Ирина Михайловна, Платонова Ирина Владимировна.

 

 

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
11 марта 2026