«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы № 37/3 «Жарқайың ауданының Тассуат ауылының әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Тассуат ауылының әкімін сайлауын өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2026 жылғы 12 сәуірде Тассуат ауылының әкімін сайлау тағайындалды.
Сонымен қатар, Тассуат ауылының әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы