Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдайлар бойынша ешқандай кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушылардың тең қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызмет көрсету процесін үздіксіз жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
«Жарқайын ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алты мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру (бірінші кезең) – 0;
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру (екінші кезең) – 0;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 0;
«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең)» – 0;
«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу (екінші кезең)» – 0;
«Жер учаскесін жеке меншікке біржола немесе бөліп төлеу арқылы сату» – 0;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» – 0;
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – 0.
Сондай-ақ, ауыл әкімі аппаратында Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, ол арқылы 44 қызмет көрсетілді.
Барлық алты мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 24-бабы негізінде тегін негізде көрсетіледі. Барлық алты мемлекеттік қызмет электрондық және қағаз нысанында ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын және бекітілген қағидаларды басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ауыл әкімі аппаратындағы көпшілікке қолжетімді жерде, ақпараттық стендте орналастырылған.
2025 жылы Үшқарасу ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шараларын өткізді.
Ауыл әкімінің сайтында мыналар жарияланды:
Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 5 жарияланым жасалды.
Үшқарасу ауылында келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беретін стенд бар. Egovmobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды танымал ету бойынша баннер орналастырылған.
2025 жылдың басынан бастап Үшқарасу ауылында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен олардың көрсетілу тәртібі жазылған стенд ресімделді.
Мемлекеттік қызметтер көрсететін Үшқарасу ауылының әкімі графикке сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызмет алушылармен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қағидаларды жетілдіру үшін пайдаланылады.
2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында «Жарқайын ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу, бағалау және қоғамдық мониторинг келесі қағидаттарға негізделеді:
Болашақта тиімділікті арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін көтеру үшін мемлекеттік қызметтер қағидаларының жобаларын жария талқылау негізінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мерзімдерін қысқартуға, құжаттар тізбесін және процесс буындарын азайтуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуіне бағытталған тиісті, соның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылдансын. Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық мониторингін жүргізіп, ауылда қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермей, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіріп отыру қажет.