ЕСЕП 2025 жылға арналған Далабай ауылы әкімі Жарқайың ауданы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы

Далабай ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

-кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;

-мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурс, аукцион) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

-жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

-жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату;

-жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

Мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес тегін негізде көрсетіледі.

2025 жылы Далабай ауылы әкімінің аппаратына барлығы 9 мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш келіп түсті, оның ішінде:

-сауда-саттықты талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу — 1-кезең: 4 қызмет;

-сауда-саттықты талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу — 2-кезең: 4 қызмет;

-кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру — 1-кезең: 1 қызмет.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, сондай-ақ бекітілген қағидалар мен стандарттарды басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат Далабай ауылы әкімінің аппаратында жалпыға қолжетімді ақпараттық стендте, сондай-ақ ресми интернет-ресурстарда орналастырылған.

Әкім аппаратында «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2025 жылы ол арқылы 32 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

-соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама беру — 2;

-электрондық цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу — 30.

Есепті кезеңде әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Әкім аппаратында келушілер үшін электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған арнайы стенд бар.

2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Далабай ауылы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру қызмет алушылардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Талқылау қорытындылары көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және олардың стандарттарын жетілдіруге пайдаланылады.

 

 

с

Дата публикации
27 февраля 2026