«Бірсуат ауылының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі алты мемлекеттік қызмет көрсетеді
1.«Ауыл, кент жерлерінен жер учаскесін беру»,
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтің түріқағаз формасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекетті коргандар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді.
2025 жылы көрсетілген Мемлекеттік қызмет: egov бұрышы арқылы-73 Мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Бірсуат ауылы әкімі аппаратында баршаға көрінетін жерде ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя», «Жарқақайы тыңысы» апталық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланды.
2025 жылы Бірсуат ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Бірсуат ауылында келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.
2025 жылы Бирсуат ауылында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс - шаралар жоспары бойынша "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" тақырыбында бір кеңес өткізілді-2025 жылдың мамыр айында.
Бірсуат ауылы әкімі аппаратының барлық мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін пайдаланылады .
2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан "Бірсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының жобаларын жария талқылау негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқартуға, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар тізбесіне, сондай-ақ процестің буындарына бағытталған шаралар қабылдансын.
Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған тиісті шараларды, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қабылдау.
Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану мониторингін жүргізу, аппаратта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру.