«Жарқайың ауданы Отрадное ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алты түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды, өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 90 қызмет көрсетілді, "ЭЦҚ қашықтан алу" - 52, «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама»-1, «Сотталмағандығы туралы анықтама» - 33, «тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебіне қою» -1, «психиатрдың психикалық денсаулық орталығынан анықтама»-1, «психиатрдың наркологиялық денсаулық орталығынан анықтама»-1, «сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жоқтығы туралы анықтама – 1.
Мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде және электронды көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.
2025 жылы ауылдық округте мемлекеттік қызметтің 4 қызмет көрсетілді, «Сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 1 кезең -0, 2 кезең-1.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-3.
2025 жылы Отрадный ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған түсініктеме іс-шаралары өткізілді.
Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет арқылы алу мүмкіншілігі туралы тұрғындарға арналған стенд орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бойынша Отрадный ауылдық округінде 2025 жылы «Мемлекеттік қызметтердің ережелерін сақтау: негізгі проблемалар» атты тақырыбында кеңес өткізілді – 2025 жылғы қазан айы.
2025 жылдың басынан бастап Отрадный ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері және оларды көрсету тәртібі көрсетілген стенд дайындалды.
Отрадный ауылдық округінің барлық мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес, біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру тұтынушылармен мемлекеттік қызмет ережелерін ашық талқылау әдісімен жүзеге асырылады. Ашық талқылаудың қорытындылары мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызметтердің ережежелерін жетілдіру үшін қолданылады.
2025 жылдың 05 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызметшілердің тұтынушыларынан «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына бақылау, бағалау және мемлекеттік қызметтер сапасының қоғамдық мониторингі келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) әділдік;
3) адалдық;
4) анықтық.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтің көрсетілуінің сапасын қанағаттандыру тиімділігі және жетілдіру үшін тұтынушыларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау негізінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің, құжаттар тізімінің, сондай-ақ процесстің бөлімдерінің қысқартылуына бағытталған шаралар қабылдансын.
Мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуіне бағытталған ұйымдастырушылық мәндегі сай келетін шаралар қабылдансын.
Тұтынушылармен мемлекеттік қызметтіқолдану кезінде түбіртектерді толтыру негізінде, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасының қанағаттандырылуына мониторингті тоқсан сайын жүргізу, аппараттағы мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бюрократизм мен ұзаққа созуды болдырмау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процессін үнемі жетілдіру.и