"Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", кент, ауыл (бірінші кезең), (екінші кезең) жерлерінен жер учаскесін беру, Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу " Мемлекеттік қызметтерін көрсетеді) (бірінші кезең), (екінші кезең), Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату, Жер учаскесін алуға кезекке қою, жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту, Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру.
Мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 24-бабының негізінде тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады.
2025 жылы ауылда "Электрондық үкімет"Веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 8 түрінен 9 қызмет көрсетілді.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет алған тұлғалар саны - 8.
Жаңадала ауылдық округінде Мемлекеттік қызметтерді алу процесін оңайлату мақсатында сервистік әкімдік жұмыс істейді, онда әрбір клиент электрондық қызметті өз бетінше немесе маманның көмегімен ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы - 218 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппаратында қоғамдық орындарда ақпараттық стендте, сондай-ақ ЕПИР сайтында орналастырылған, бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты барлық мәселелер бойынша түсіндіру үшін әкімдік маманына жүгінуге болады.
2025 жылы Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Жаңадала ауылдық округінде келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.
2025 жылдың басынан бастап Жаңадала ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар стенд жаңартылды.
Жаңадала ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру мемлекеттік қызметтерді алушылармен көрсетілетін қызметтермен жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру үшін пайдаланылады.
2025 жылғы 5 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан "Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) сенімділік;
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар тізбесін, сондай-ақ процестің буындарын қысқартуға бағытталған шаралар қабылдау қажет.
Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған тиісті шараларды, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қабылдау.
Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану мониторингін жүргізу, аппаратта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру.