Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, нанымына, шығу тегіне, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушыларға тең қол жеткізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық; мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; -Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру; -Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің 17 түрін көрсетеді: «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту» - 153; «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» -4; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайында» - 6; «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 176; «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» - 0; «Ақталған адамға куәлік беру» - 0; «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 13; «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 44; «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 0; «Есту бойынша мүгедектігі бар адамдарды үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну құжаттарды рәсімдеу» - 1; «Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 8; «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектердігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» - 28; «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» - 109; «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» - 4; «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» - 0; «Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»- 0; «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат беру» - 3; «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру» -0; «Тұрғын үй көмегін тағайындау» - 1.
Мемлекеттікқызметкөрсетукезіндемемлекеттікорган "мемлекеттікқызметтертуралы"ҚазақстанРеспубликасының2013жылғы15сәуірдегі№88-VЗаңын,бекітілгенқағидалардыбасшылыққа алады.
2025 жылы «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - де барлығы 554 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы - 101, ХҚКО арқылы - 285, ЭҮП арқылы-168.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де ақпараттар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы стендте қоғамдық орындарда орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» және «Жарқайың тынысы» газеттерінде жарияланады.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары «мемлекеттік қызмет стандарттарын сақтау» ХҚКО мамандарымен бірлесіп 2 дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ барлық мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру Көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын жетілдіру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған тиісті шараларды, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану мониторингін жүргізу, бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіріп отыру.
2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.