«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 8С-29/2 «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жарқайың аудандық мәслихатының шешімінің жобасын әзірледі (бұдан әрі – шешім жобасы).
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету.
Шешім жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Осылайша, шешім жобасын қабылдау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.
Шешім жобасы 2026 жылғы 27 ақпанда Жарқайың ауданының әкімдігінің сайтында және 2026 жылғы 27 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және орналастырылды. Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15770496
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/976056