Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және қағидасын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және қағидасы»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1- тармағына сәйкес есептейді.»;
5 - тармақ алып тасталсын.