Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы Жарқайың ауданының жер қатынастары бөлімі 2025 жылға есебі

Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.      

        Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

        Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

- шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушыларға тең қол жеткізу;  

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

 - мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

           Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің 12 (он екі) түрін көрсетеді:

 - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (бірінші кезең);

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (екінші кезең);

- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту";

 - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

 - «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;

- «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»;

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру (бірінші кезең);

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру (екінші кезең);

- «Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау»;

 - «Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;

- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»;

 - «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу (бірінші кезең);

- «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу (екінші кезең);

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;

-«Жер учаскесіналуғакезеккеқою»; оларэлектрондыжәнеқағазтүрінде болады.

       Барлық он екімемлекеттікқызмет2013жылғы15сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»ҚРЗаңының10-бабының1)тармақшасынегізіндетегін көрсетіледі.Жарқайыңауданының«Жер қатынастарыбөлімі»ММмемлекеттікқызметтеркөрсетукезінде Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделген2013жылғы15сәуірдегі№88-V"Мемлекеттікқызметтертуралы"ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынжәнебекітілгенқағидалардыбасшылыққа алады.

     2025 жылы Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік қызметтің 12 түрі бойынша 336 қызмет көрсетті оның ішінде: - "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 156 қызмет;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 7 қызмет;

- «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға шешім беру» - 1 қызмет;

- «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті рұқсат беру» - 12 қызмет;

 - «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 11 қызмет;

- «Жер учаскелеріне құқықтар алу Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншік (аукциондар)» (1 кезең) - 72 қызмет;

- «Жер учаскелеріне құқықтар алу Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншік (аукциондар)» (2 кезең) - 67 қызметтер;

 - «Ауыл кентінің жерінен жер учаскесін беру (1 кезең) – 2 қызмет.

-Жеручаскесінжекеменшіккебіржолғынемесебөліп-бөліп сату"-2қызмет.

         Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады, 2025 жылы 156 қызмет көрсетілді.        

        Көрсетілетін қызметті берушініңстендіндемемлекеттікқызметтердікөрсетутәртібітуралыақпаратЖарқайыңауданыныңинтернет–ресурсында«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»бөлімінде орналастырылған.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерқағидаларыбекітілуінеқарайбұлбөлім кезең-кезеңіменжаңартылып отырады.

        Жарқайың ауданы әкімдігінің сайтында 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептердің жобаларын жария талқылау жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет есебінің жобасын жария талқылау оны жария талқылау үшін орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
26 февраля 2026