Құрметті Жарқайың ауданының жер пайдаланушылары!

2018 жылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілді, оған сәйкес аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілді. Жеңімпазды анықтау критерийлерінің бірі конкурстық ұсыныста шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттемелердің болуы болып табылады.

 Жоғарыда айтылғандардың негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстардың жеңімпазы деп танылған барлық жер пайдаланушыларға 2019 жылдан бастап ағымдағы уақытқа дейінгі кезеңде шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын дайындау, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөнінде дереу шаралар қабылдау қажет.

Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларына сәйкес осы жобаны әзірлеуші жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.     

Жарқайың ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ

Дата публикации
23 февраля 2026