2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

№

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың мақсатты тобы

Күтілетін нәтиже

1

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - "Жасыл Ел"жобасы шеңберінде іс-шаралар өткізу жөніндегі қызметтер

2 925 000

"Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасында және жастарды дамыту бағдарламасында бекітілген мемлекеттік жастар саясаты мен экологиялық күн тәртібінің басымдықтарын іске асыру.

Жастар, оқушылар және жұмыссыз жастар

Экологиялық мәдениетті нығайту, азаматтық белсенділікті және қоршаған орта үшін жауапкершілікті арттыру

2

Жарқайың ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру

1 000 000

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынымдарын іске асыру.

Аудан халқы, жастар, мемлекеттік қызметшілер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру

3

Діни ұйымдардың/мамандардың қызметтері

760 000

Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын болдырмауға, Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу.

Аудан халқы

Ғрт - ға тартудан иммунитетті қалыптастыру;

Құқықтық және діни сауаттылықты арттыру;

бөтен діни идеологияның алдын алу

 

4

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде инватакси қызметтерін ұсыну

4 000 000

Мүгедектігі бар адамдар үшін олардың әлеуметтік, медициналық, білім беру және өзге де объектілерге кедергісіз қол жеткізуі мақсатында қолжетімді және қауіпсіз көлік қызметін қамтамасыз ету.

Мүгедектігі бар адамдар, яғни мүгедектігі бар адам ретінде ресми танылған және тиісті құжаттары бар азаматтар. Мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде:

мамандандырылған көлікке мұқтаж ұтқырлығы шектеулі адамдар;

өз бетінше қозғалу қиын немесе мүмкін емес азаматтар;

тірек-қимыл аппаратының бұзылуына байланысты әртүрлі диагноздары бар адамдар;

мүгедек балалар мен отырғызу / түсіру кезінде көмекке мұқтаж ересектер.

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті жақсарту –қала мен аудан бойынша (ауруханаларға, мемлекеттік мекемелерге, оқу орындарына) еркін жүріп-тұру мүмкіндігі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік бейімделуін арттыру. Әлеуметтік оқшаулануды азайту-қоғамдық, мәдени және еңбек өміріне қатысу.

Дата публикации
09 декабря 2025