Жергілікті бюджет – бұл Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және Валиханов ауылдық округінің жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Валиханов ауылдық округінің жергілікті бюджеті аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Субвенциялар – бұл аудандық бюджеттен Валиханов ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджет қаражаттары.
Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 8С-61/2 «Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-43/2 «Жарқайың ауданының Державинск қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.