"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары

 

 

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 197 бұйрығына
1-қосымша

 

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш беру жолымен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса береді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
  3. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап он жеті жұмыс күнін құрайды.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      Мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      көрсетілетін қызметті берушіде - тіркелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  1. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының дайын құжаттарын беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам нотариаттық куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Өтініш берушінің (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң сұранымсыз құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Е-собес" ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер "Е-Собес" ААЖ-дан мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған режимде түседі.
  4. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жазбаша өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік қызметкер он жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді.

      Әлеуметтік қызметкердің арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қорытындысы қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жасалады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қызметкердің арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
  2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кезек болмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде стационарлық үлгідегі ұйымға жолдама не кезекке қою туралы хабарлама дайындайды.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жібереді.

 

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мелекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тірклген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

"Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша

 

Нысан

 

      Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысына

      ________________________________________________________________________________

       (жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген

      мемлекеттік ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жеке басты куәландыратын құжат 20___ жылы "___" ________ № ___ берілді

      Тіркелген жері _____________________________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы ____________________________________________________

      Туған жері ________________________________________________________________

      Туған жылы "___" _________ _____ жыл

      Жәрдемақы түрі мен мөлшері ________________________________________________

      Мүгедектік санаты _________________________________________________________

      Туыстарының (заңды өкілдерінің) болуы)_______________________________________

      __________________________________________________________________________

      (туыстық қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)

 ӨТІНІШ

       ________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       __________________________________________________________________

      (стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

       тәулік бойы тұрақты/уақытша (қажетінің астын сызу) тұруға қабылдауды сұраймын,

      өйткені стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) _______________________ 2) _________________________

      3) _______________________ 4) _________________________

      5) _______________________ 6) _________________________

      7) _______________________ 8) _________________________

      9) _______________________ 10) ________________________

       Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге

      құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

       Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру шарттарымен

      және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.

      20___ жылғы "___" ___________

       __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Құжаттарды қабылдады _____________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

 

"Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша

 

Нысан

 

      Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысына

      ________________________________________________________________________________

       (жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген

      мемлекеттік ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

ӨТІНІШ

      Мені, _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       "___" ___________ ______ жылы туған,

       ________________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      __________________________________________________________________________

      (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

       күндізгі болуға қабылдауды сұраймын, өйткені жартылай стационар жағдайында

      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) _______________________ 2) _________________________

      3) _______________________ 4) _________________________

      5) _______________________ 6) _________________________

      7) _______________________ 8) _________________________

      9) _______________________ 10) ________________________

       Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге

      құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

       Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру

      шарттарымен және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.

       20___жылғы "___" __________

      __________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Құжаттарды қабылдады _____________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

 

 

"Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша

 

 

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну
тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіде жүгінген кезде - құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап - 17 (он жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде - 30 минут.

4

 Мемлекеттік қызмет көрсету және көрсету нәтижесін беру нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

 Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс графигі

1) Мемлекеттік корпорацияда - жексенбі және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша электрондық кезек тәртiбiнде, жеделдетіп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
 2) көрсетілетін қызметті берушіде - сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
 Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

8

Құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
 3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
 Жеке басты куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы (мүгедектік болған кезде қарттар үшін), мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) әзірлеген іс-шаралар туралы (қарттар үшін ОЖБ болған кезде), психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамды сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп тану туралы (ОЖБ болған жағдайда), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін) сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және соларға теңестірілген адам мәртебесінің болуы туралы (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдар үшін) мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін ОЖБ-сы бар болса);
2) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқалармен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін медициналық картадан басқасы, қызметтерді алушыға қайтарылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда;
 3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мүгедектерге медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу әлеуметтік қызметкердің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
 2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, "1414", Бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алу мүмкіндігі бар.

 

 

"Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
қағидаларына 4-қосымша

 

 

Нысан

 

 

         

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19, 19-1 баптарының, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып",

      ________________________________________________________________________________

      (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы)

      Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

       1) ___________________________________________________________;

       2) ___________________________________________________________;

      3) … .

       ұсынуыңызға/ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:_______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің ТАӘ (бар болса), қолы

      Телефон: __________________________________________________________________

      Алдым: ___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды өкілінің ТАӘ (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" ____________.

 

"Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
қағидаларына 5-қосымша

 

Нысан

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

 

       __________________________________________________________________

      (наименование медицинской организации)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

      Туған жылы "___" __________ _____ жыл

      Мекенжайы _______________________________________________________________

       Қысқаша анамнез (бастан кешкен аурулар, дәрілік препараттардың, тамақ өнімдерінің

      көтере алмайтындығы және т.б. туралы мәліметтер):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынулардың болуын көрсете отырып):

      хирург ____________________________________________________________________

      невропатолог ______________________________________________________________

      психиатр __________________________________________________________________

      окулист ___________________________________________________________________

      отоларинголог _____________________________________________________________

      дерматовенеролог __________________________________________________________

      фтизиатр (флюорография деректерінің болуы міндетті) ___________________________

      терапевт/педиатр ___________________________________________________________

      эпидемиологиялық орта туралы қорытынды:____________________________________

      Көрсеткіштер бойынша:

      стоматолог ________________________________________________________________

      эндокринолог ______________________________________________________________

      кардиолог _________________________________________________________________

      ортопед ___________________________________________________________________

      нарколог __________________________________________________________________

      онколог ___________________________________________________________________

      гинеколог (уролог) _________________________________________________________

      Зертханалық зерттеулер нәтижелері:

      қанның жалпы талдауы ______________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      АИТВ инфекциясына қан талдауы ____________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      мерезге қан талдауы ________________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      зәрдің жалпы талдауы _______________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

       ельминт жұмыртқасына нәжісті паразитологиялық зерттеу

      __________________________________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      нәжісті ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу

      __________________________________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      менингококк инфекциясына зертханалық тексеру

      __________________________________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

      әйелдерде қынап жағындысы _________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      ерлерде уретральды жақпа ___________________________________________________

      (күні, нәтижесі)

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы:

      _________________________________________________________________________

      (Стационарлық (жартылай стационарлық) ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

      М.О.

      Медициналық ұйымның басшысы: ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

       20___ жылғы "___" __________

Дата публикации
24 ноября 2020