Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 11 маусымдағы
№ 789 қаулысымен
бекiтiлген
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ереже
Қалалық, қаладағы, аудандағы аудандық комиссиялар өз қызметінде облыстық комиссияның бақылауында болады және есеп береді.
2-тарау. Комиссияның міндеті мен функциялары
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездіктің профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың жай-күйін, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті зерделейді және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін жинақтайды және таратады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
5) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдайды және олардың арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді ұйымдастырады;
7) қалалық, қаладағы, аудандағы аудандық комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
8) қалалық, қаладағы, аудандағы аудандық комиссиялардың қызметін үйлестіреді.
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
2) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйін, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікті зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
4) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;
5) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруда, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді.
3-тарау. Комиссия қолданатын шаралар
1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, олардың қылмыс жасауының, құқық бұзуының және қараусыз қалуының профилактикасына жауапты басқа органдармен бiрлесiп өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайға тап болған, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, бiлiм беру ұйымдарына ұзақ уақыт бойы бармай жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;
2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға, отбасын қолдау орталығына жiбередi, өз кезегiнде олар қабылданған шаралар туралы Комиссияны екi апта мерзiмде хабардар етеді;
3) ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің болмауына, ата-анасының ата-ана құқығынан айырылуына байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсерін тигізуі мүмкін өзге себептерге орай арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан шыққан, тәрбие колониясынан немесе кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босап шыққан кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн болмаған немесе қошталмайтын жағдайларда көрсетiлген мекемелер орналасқан жердегi Комиссия кәмелетке толмағанның мүддесiн есепке ала отырып, өңірдегі бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде көмек көрсетедi, мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелді қорытындысы берiлген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу үшін Комиссия тиісті қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінеді.
Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiкті өзі көтеретін жасқа жеткенге дейiнгі әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгiлерi бар қоғамға қауiптi әрекеті туралы iстердi қараған кезде Комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелiгiн, тұрмыс жағдайларын және тәрбиесін, психикалық даму деңгейiн, жеке тұлға ретіндегі өзге ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайы мен мiнез-құлқын, ересектердің рөлi мен ықпалын, сондай-ақ ол жасаған теріс қылықтың себебін, сипаты мен ауырлығын ескеріп, сотқа әкiмшiлiк заңнамада көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағанды арнаулы білiм беру ұйымдарына, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберу туралы өтiнiшхат бере алады.
Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың физикалық және рухани тұрғыдан қалыпты дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге заңды өкiлдерiне Комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
кәмелетке толмағандарға келтiрілген зиянды өтеу туралы сотқа өтiнiшхат беру;
кәмелетке толмағанның өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе өзі қамқорлығында жүрген өзге заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету, баланы тәрбиелеуге беру туралы шартты бұзу не бала асырап алуды сот тәртібімен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiшхатпен жүгіну;
ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар қолдану туралы өтiнiшпен он бес жұмыс күні ішінде сотқа жүгіну.
4-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Қалалық, аудандық комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ айына екі реттен сиретпей өткізіледі.
Егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, ол заңды болып табылады.
кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша;
өзінің бастамасы бойынша;
азаматтардың ақпараты бойынша;
бiлiм беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері бойынша;
қылмыстық жауапкершілікті өзі көтеретін жасқа толғанға дейін қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі істер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қалалық, аудандық комиссия тек кәмелетке толмағанның өзінің, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.
Қылмыстық жауапкершілікті өзі көтеретін жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезінде отырысқа прокурор шақырылады. Қалалық және аудандық комиссия отырысы өткізілетін күні, жері мен уақыты туралы прокурорды хабардар ету мiндеттi.
Қалалық және аудандық комиссиялардың қаулысы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда, комиссия отырысында төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
________________________