Аудан әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, 1 бірлік (№ 01-01)

Біліктілік талаптары

мамандықтар бойынша

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе  маркетинг немесе  әлемдік экономика немесе  мемлекеттік аудит немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс (жерге орналастыру немесе кадастр) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария ісі саласында

білім деңгейі, құзыреттері, жұмыс тәжірибесі бойынша

үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

міндеттері

өз құзыреттілігінің аясында қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің жұмысын үйлестіреді. Ауылдық аумақтардың дамуы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың, ауыл шаруашылығы мәселелерін, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қайта өңделуі және іске асырылуы, ветеринарлық профилактикалық іс-шаралардың, статистикалық есептің, жер қатынастары, өнеркәсіп және сауда, кәсіпкерлік қызметінің кіші даму бағдарламалары жөніндегі шұғыл және жалпы мәселелерді шешеді.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасымен, статистика бөлімімен қарым-қатынас жасайды.  Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы жұмыстарды үйлестіреді. Бөлінген міндеттерге сай ауданның басқармалары және кәсіпорындарымен өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына  талдауды, нарықтық қатынас, аудан экономикасының реструктуризациясын жүргізу. Бағытталған мәселелерге сәйкес комиссияларға төрағалық жасау. Жер реформаларының бағыттарын іске асыру. Стратегиялық жоспарлардың, етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының, мемлекеттік және салалық бағдарламаларының іске асырылуын бақылау. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мәселелері бойынша облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің бақылау және орындау жұмыстарын үйлестіру. Ауданды азықтық дән және одан өндірілген өнімдермен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру.  Ауданда цифрлық трансформациялау жобаларын іске асыруды үйлестіру және бақылау. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын, бюджет қаражатының уақтылы игерілуін бақылау.

Дата публикации
22 сентября 2025