Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылдың 14 қыркүйегінде өткен Ақмола облысы
Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімін
сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2025 жылғы 14 қыркүйекте Бірсуат сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімін сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:
Бірсуат сайлау округі
Бірсуат ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 258 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 207. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 5, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 0.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
Б.М.Әбеноваға – 175; Е.А.Багисов– 12; Г.Б.Қоңырова – 15.
Бірсуат ауылының әкімі болып Әбенова Бақытгүл Мүбәракқызы сайланды, 1969 жылы туған, Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының әкімі, Бірсуат ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы