2025 жылғы 24 тамызда сағат 18.00-де әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, келіп түскен құжаттарды қарап, Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы 2025 жылғы 20 тамыздағы шешімдерінің негізінде кандидат ретінде тіркелгенін хабарлаймыз:
- Әбенова Бақытгүл Мүбаракқызы, 1969 жылы туған, Жарқайың ауданының «Бірсуат ауылы әкімінің аппараты» ММ, Бірсуат ауылының әкімі, Бірсуат ауылы, Ленинский Комсомол к., 1 үйде тұрады, «AMANAT» партиясы ҚБ ұсынылған;
- Багисов Ермек Айтбайұлы, 1978 жылы туған, Жарқайың ауданының «Пригород ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Пригород ауылы Абылайхан к., 4 үйде тұрады, өзін-өзі ұсыну ретімен;
- Қоңырова Гүлназ Берікқызы, 1966 жылы туған, Жарқайың ауданының «Нахимов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Нахимовка ауылы, Т.Әубәкіров к., 5 үйде тұрады, өзін-өзі ұсыну ретімен.
Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау