«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабына және Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 31/171 «Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімін сайлауды тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының әкімін сайлау 2025 жылдың 14 қыркүйегіне тағайындалғанын хабарлаймыз.
Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы