Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Львов, Пятигор, Пригород, Тасөткел және Шойындыкөл ауылдарының сайланған әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 16 шілдедегі шешімімен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдеде сайланған Львов  ауылының әкімі Бимағамбетов Еспол Көксайұлын, Пятигор ауылының әкімі Сәдуақасов Ғизат Төлегенұлын, Пригород ауылының әкімі Мыңбаев Жанат Тасболатұлын, Тасөткел ауылының әкімі Саухимова Сәуле Төлегенқызын және Шойындыкөл ауылының әкімі Бердығали Нұрхан Қартанұлын тіркеді.

 

                           Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

      

Дата публикации
16 июля 2025