Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 13 шілдесінде өткен Ақмола облысы Жарқайың ауданының Львов, Пятигор, Пригород, Тасөткел және Шойындыкөл ауылдарының әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

         2025 жылғы 13 шілдеде бес сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Львов, Пятигор, Пригород, Тасөткел және Шойындыкөл ауылдарының әкімдерін сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Львов, Пятигор, Пригород, Тасөткел және Шойындыкөл ауылдарының әкімдері сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Львов сайлау округі

Львов ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 204 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 157. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 45, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 32.

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         Г.Б.Әлиасқароваға – 13; М.М.Ачхановаға– 16; Е.К.Бимағамбетовке – 51.

         Львов ауылының әкімі болып Бимағамбетов Еспол Көксайұлы сайланды, 1973 жылы туған, Жақсы ауданы Жаңа-Қима ауылының тұрғыны, ҚР ІІМ зейнеткері, өзі-өзі ұсыну ретімен ұсынылған.

 

Пятигор сайлау округі

Пятигор ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 322 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 235. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 18.

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         Ғ.Т.Сәдуақасовқа – 179; А.Қ.Сыздықоваға– 16; А.Қ.Хасенге – 14.

         Пятигор ауылының әкімі болып Сәдуақасов Ғизат Төлегенұлы сайланды, 1965 жылы туған, Жарқайың ауданы Державин қаласының тұрғыны, ҚР ІІМ зейнеткері, өзі-өзі ұсыну ретімен ұсынылған.

 

 

Тасөткел сайлау округі

Тасөткел ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 157 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 120. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 5, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 7.  

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         Л.Л.Долининаға – 15; С.Ж.Дүзелбаеваға– 17; С.Т.Саухимоваға – 76.

         Пятигор ауылының әкімі болып Саухимова Сәуле Төлегенқызы сайланды, 1969 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Тасөткел ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылған.

 

Шойындыкөл сайлау округі

Шойындыкөл ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 140 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 123. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 4.  

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         Н.Қ.Бердығалиға – 93: А.Н.Лукашова-Шершневаға – 9; Ж.С.Тәкеноваға – 17.

         Шойындыкөл ауылының әкімі болып Бердығали Нұрхан Қартанұлы сайланды, 1976 жылы туған, Шойындыкөл ауылының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Шойындыкөл ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылған.

 

Пригород сайлау округі

Пригород ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 373 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 291. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 19.

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         С.А.Алтынбековаға – 20; Ж.Е.Меңдібекке– 24; Ж.Т.Мыңбаевқа – 226.

         Пригород ауылының әкімі болып Мыңбаев Жанат Тасболатұлы сайланды, 1980 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Ішкі саясат бөлімі ММ бас маманы, өзі-өзі ұсыну ретімен ұсынылған.

 

                  

         Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 июля 2025