Құрметті ауыл тұрғындары! Қадірлі кездесуге қатысушылар!
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар халықпен тұрақты байланыста болып, ашықтық пен тиімділік қағидаттарына негізделген қызмет атқаруы тиіс. Осыған орай, бүгінгі баяндамамда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Жарқайың ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндауға рұқсат етіңіздер. Жарқайың ауданы әкімшілік бірлік ретінде 1955 жылы ұйымдастырылған.
Жарқайың ауданының жалпы аумағы 12,1 мың шаршы шақырымды құрайды. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан халқының саны 11 918 адамды құрады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктер саны 23 (1 қала және 22 ауыл, ауылдық округтердің құрамындағы ауылдар).
Жарқайың ауданы – Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы жақсы дамыған ірі аудандардың бірі. Аудан егістік көлемі бойынша облыста алдыңғы орында.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 1,5 млрд теңге көлемінде өнім өндірілді.
Биыл көктемгі егіс науқаны кезінде егіс құрылымына өзгеріс енгізіліп, майлы дақылдар егісі көбейтілді. Жалпы егістік жер көлемі – 751 мың гектар. Көктемгі егіс толығымен аяқталды – 663,5 мың гектар. Оның ішінде:дәнді және бұршақты дақылдар – 641 мың гектар, майлы дақылдар – 13 мың гектар, мал азығы дақылдары – 10,5 мың гектар, картоп пен көкөністер толық көлемде отырғызылды.
Мемлекет қолдау көрсетіп, аудан шаруаларына жеңілдетілген несие берілді.
Көктемгі жұмыстарға 7,9 млрд теңге болатын 90 өтінім қабылданды. Сонымен қатар, шаруаларға жеңілдетілген бағамен 9 415 тонна дизель отыны бір литрі 254 теңгеден бөлінді.
2025 жылдың есепті кезеңінде Жарқайың ауданында мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуы байқалады. Есепті кезеңде мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді: ірі қара мал – 11 041 бас, оның ішінде сауын сиырлар – 5 515 бас; қой мен ешкі – 27 671 бас; шошқа – 1 860 бас; жылқы – 9 292 бас; құс – 26 420 бас.
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді: ет (тірі салмақта) – 1 138 тонна, сүт – 1 898 тонна, жұмыртқа – 745 мың дана.
2025 жылдың басынан бастап аудандық бюджетке түсімдер 531 млн теңгені құрады, бұл жоспардың 124%-ын құрайды. Ағымдағы жылғы шығыстар 100%-ға орындалып, шамамен 1,2 млрд теңгені құрады.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудан кәсіпорындары 2,0 млрд теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер шығарды және қызметтер көрсетті.
Ағымдағы жылдың соңына дейін нақты көлем индексі 133%-ды құрайды деп болжануда.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және бизнесті одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылы Жарқайың ауданында 13 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны 3,3 миллиард теңгеге бағаланады, бұл айтарлықтай қаржы ресурстарын тартып, 100 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Барлық жобаларды пайдалануға беру ағымдағы жылдың 3-4 тоқсанына жоспарланған.
Құрылыс жұмыстарының көлемі өсіп, 1 113 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда НКИ – 237% болды.
204 млн теңге тұрғын үй құрылысына бағытталып, бұл жоспардың 99%-ын құрайды. 2025 жылдың 3-тоқсанында 80 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы екі 60 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту жоспарланған.
Тұрғын үй құрылысы саласында да оң көрсеткіш байқалады:
1 411 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 120%-ға орындалды.
Ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар нысандар белсенді түрде салынуда.
Бірсуат ауылында 2024 жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 100 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Жоба құны – 920 млн теңге.
Пятигорское ауылында құны 320 млн теңге болатын, 1 800 адамға арналған дәрігерлік амбулатория салынуда. Бұл нысандардың құрылысын 2025 жылдың 3-тоқсанында аяқтау жоспарланған.
Ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында да ауқымды жобалар іске асырылуда.
«Державинск қаласының сумен жабдықтау жүйесін (3-кезек) қайта құру» жобасы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Жобаны аяқтауға 40 млн теңге бөлінді.
«Шойындыкөл ауылының жерасты көздерінен сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасы да іске асырылуда. Бұл жобаны толық аяқтауға 316 млн теңге бөлінді.
Аудан бойынша барлық сумен жабдықтау жүйелерін 2025 жылдың қыркүйек айына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Жол жөндеу жұмыстары:
2024 жылдан бастап Жарқайың ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде: Жезқазған – Петропавл автожолының 445–490 шақырым аралығындағы 45 км учаскеге орташа жөндеу жүргізілуде. Жобаның құны – 5,4 млрд теңге, мердігер – «Казак жолы-2050» ЖШС. Қазіргі таңда 3 км жол асфальтталған. Жақсы – Державинск облыстық жолының 38,5 км бөлігі 3,2 млрд теңгеге жөнделуде. Жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Державинск қаласына дейінгі қалған 28,9 км жол құрылысына 900 млн теңге қажет. Бұл қаражат облыстық бюджетті нақтылау кезінде бөлінеді деп күтілуде.
Державинск қаласындағы 3,2 км көше жолдары жөнделіп жатыр. Мердігер – «Арка К» ЖШС, жоба құны – 199 млн теңге. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Отрадное және Кенское ауылдарында (3,2 км) жолдарды жөндеу жүргізілуде. Мердігер – «Пейко» ЖК, жоба құны – 197 млн теңге. Жұмыстар 3-тоқсанда аяқталады деп жоспарланған.
Абаттандыру және экологиялық шаралар:
Аудан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысуда. Жыл басынан бері 2 000-нан астам адамның қатысуымен 56 сенбілік өткізілді. Нәтижесінде: 980 метр су бұру жүйесі тазартылды; 7,6 км тротуар әктеліп, сырланды; 14 аялдама абаттандырылды; көктем мезгілінде 2 мыңға жуық ағаш пен бұта көшеті отырғызылды.
Білім беру саласы:
Ауданда 20 мектеп бар: 9 орта, 10 негізгі және 1 бастауыш. Мектептерде 2 070 оқушы білім алады, 474 мұғалім қызмет атқарады. Барлық мектептер тұрақты интернетпен қамтамасыз етілген.
«Айгөлек» шағын орталығының күрделі жөндеу жұмыстары екі ай ішінде аяқталды. Жөндеуді “Арал 0,5” ЖШС жүргізді, жоба құны – 95 млн теңге. Қазір орталық балаларды қабылдауда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ауданның 4 мектебі 500 млн теңгеден астам сомаға заманауи оқу құралдарымен жабдықталады. Құрал-жабдықтар 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі.
Биыл 11-сыныпты 85 түлек аяқтайды, олардың 4-і «Алтын белгіге» үміткер.
Денсаулық сақтау саласы: Ауданда келесі медициналық мекемелер жұмыс істейді: 1 аудандық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункт, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт. Ауданда 30 дәрігер, 94 орта медициналық қызметкер, 52 кіші қызметкер еңбек етуде. Аудандық ауруханада 57 төсек-орын бар, оның ішінде 33-і күндізгі стационар. 2025 жылдың басынан бастап аудандық ауруханада 56 нәресте дүниеге келді (2024 жылы - 29).
Туу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 2,2%-дан 4,3%-ға дейін артты.
Еңбек нарығындағы жағдай:
2025 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша Жарқайың ауданында еңбек нарығындағы ахуал тұрақты және жұмыспен қамтудың қалыпты өсу үрдісі сақталуда.
Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында ауданда 206 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 130-ы – тұрақты жұмыс орындары.
Осы кезеңде жұмыспен қамту органдарына 257 адам жүгініп, 115 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл көрсеткіштер аудан халқының ресми түрде жұмыс іздеуге белсенді қатысатынын көрсетеді.
2024–2025 жылғы жылыту маусымы:
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында «Коммунсервис» МКК тарапынан Державинск қаласындағы инженерлік жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 140 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, 88 млн теңгеге 3 жаңа қазандық орнату жұмыстары басталды.
2026 жылғы су тасқынына дайындық:
Жарқайың ауданының әкімдігі 2026 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне белсенді дайындықты бастады.
Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде: 8 тонна жанар-жағармай материалдары сатып алынды; 8 елді мекенде орналасқан су басу учаскелері бекітілді; сондай-ақ 5 мотопомпаны, 5 өрт сөндіру жеңін, 10 000 қапты сатып алу жоспарлануда.
Назарларыңызға рақмет!