Қала халқының саны есептіккезеңде 6787 адамдықұрады, оныңішіндееңбеккеқабілеттітұрғындар – 3826 адам, жұмысістейтіндер – 3589 адам, өзін-өзіжұмыспенқамтығандар – 250 адам, зейнеткерлер – 1100 адам, мүмкіндігішектеуліжандар – 188 адам.
БЮДЖЕТ:
2025 жылдың есептік кезеңінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4-деңгейі бойынша кіріс бөлігі жоспардағы 65 млн 247 мың теңгенің орнына 90 909 мың теңгені құрап, 140 % орындалды.
ЖОЛДАР:
2025 жылы «Жергілікті маңызы бар жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен қала көшелеріне (Ишимская, Набережная, Комсомольская, Смағұлов көшелері) орташа жөндеу жүргізуге 199 млн. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қала жол желісін, тротуарларды қардан тазарту және тұрғын үйлердің су басу қаупінің алдын алу мақсатында қар шығару жұмыстары жүргізілді.
Көктемгі көріктендіру айлығы аясында жолдарды тегістеу және инертті материалмен себу жұмыстары атқарылды.
АБАТТАНДЫРУ:
«Таза Қазақстан – таза аймақ» акциясы аясында аялдамалар, орталық көшелер, қаланың кіреберістері қоқыстан тазартылып, бағандар мен автобус аялдамалары сырланды, жиектер мен ағаштар әктелді, ағаштарға бұтақ кесу жұмыстары жүргізіліп, қылқан жапырақты көшеттер мен гүлдер отырғызылды.Қоғамдық жұмысшылардың күшімен, сондай-ақ қаладағы мекемелер мен кәсіпорындардың қатысуымен апталық сенбіліктер белгіленген көшелер мен орталық саябақта тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Сәуір айында үйлердің маңайын және «Жастар» шағын ауданын тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік жарияланды. Тұрғындар белсенді қатысты.
«Жастар» шағын ауданында тұрғындар мен жергілікті кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен өз күштерімен футбол алаңын ұйымдастыру жоспарлануда.
2025 жылдың маусым–шілде айларында 11 тренажері бар заманауи воркаут алаңын сатып алып орнату жоспарланған.
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы аясында қала әкімінің аппараты келесі келісімшарттарды жасасты:
ЖК «Сардаров» – орталық саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша – 1 млн 339 мың теңге сомасына;
ЖК «Ивахненко» – стихиялық қоқысқа шығару бойынша – 3 млн теңге сомасына;
ЖК «Сардаров» – қала көшелерінде сырлау жұмыстары бойынша – 1 млн 339 мың теңге сомасына;
ЖК «Гуляева» – гүл көшеттерін сатып алу бойынша – 794 мың 642 теңге сомасына;
ЖК «Сардаров» – қала аумағындағы арамшөптерді шабу жұмыстары бойынша– 2 млн 232 мың теңге сомасына;
ЖК «Сардаров» – ағаштарды бұтақтап кесу жұмыстары бойынша – 1 млн 785 мың теңге сомасына;
ЖК «Светлана» – көшеттерді (шырша, қарағай, терек) сатып алу бойынша – 1 млн 334 мың теңге сомасына.
Державин қаласындағы жолдарға шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды, жалпы сома – 63 млн 500 мың теңге.
КӨШЕЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУЫ:
Ағымдағы жылдың басынан бастап қала бойынша 42 жарықдиодты шам және 23 шам ауыстырылды. Набережная көшесіне көше жарықтандыруы орнатылды, жалпы сома – 3 млн 608 мың теңге. ДСУ-71 елді мекенінде көше жарықтандыруын орнату жоспарлануда, жалпы сома – 2 млн 717 мың теңге.