Пригород ауылы әкімінің "2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы"есебі

2025 жылғы 1 мамыр айына жағдай бойынша Пригород ауылында 225 аула бар, халық саны – 541 адамды құрады, оның ішінде зейнеткерлер – 81 адам, батыр аналар – 3 адам, бала кезінен мүгедектер – 2 бала, 1-2 топтағы мүгедектер – 5,  3 топтағы мүгедектер – 6. атаулы әлеуметтік көмек алушылар - 2 отбасы.

Білім. Ауылда Абай атындағы орта мектеп жұмыс істейді, мектепте 77 оқушы оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 24, арнаулы орта-1, жоғары оқу орындарында-1. Биыл мектепті 11 сынып бітіреді - 5 оқушы, ҰБТ тапсыратын - 1 оқушы.

Абай атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталықта мектеп жасына дейінгі 17 бала оқиды, еңбек ұжымы 5 адам. Абай атындағы ОМ және шағын орталық ұжымы ауылдың мәдени өміріне белсене араласады.

Денсаулық сақтау. Ауылда 1 медицина қызметкері қызмет көрсетеді, әкімдікпен бірлесіп халыққа медициналық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырамыз. 2025 жылы 2 бала дүниеге келді. Медицина қызметкері халықты үнемі аралап жүреді. Екі әлеуметтік қызметкер 8 жалғызбасты зейнеткерге қызмет көрсетеді. 

Мәдениет және спорт. Ауылдың Мәдениет үйінде барлық мәдени-көпшілік іс-шаралар өткіземіз: Алғыс күні,  8 Наурыз, Наурыз күні тойлап, мерекелік концерт пен ас берілді. Аналар күні, Ауған әндері аудан байқауына қатыстық, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күніне мерекелік концерт берілді. Балаларды қорғау күніне «Малышиада» ойын-сауық бағдарламасын және балаларға арналған «Тәтті үстел» бағдарламасы өткізілді. Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мен өз елімнің рәміздерімен мақтанамын» акциясын өткізу жоспарлануда. Ауыл жастары Уәлиханов ауылы мен Державин қаласындағы қысқы спорт түрлерінен қысқы спартакиадаға қатысты. Сондай-ақ, ардагерлер мен жастар арасындағы футболдан жарысқа қатысты. Зейнеткерлеріміз ардагерлер арасында шахматтан және шашкадан аудандық «Үміт» спартакиадасына қатысты, сондай-ақ, аудандық бірінші мамыр іс-шараларына қатысты, біздің балаларымыз «Бірлік» жеңіл атлетикалық марафон-жүгіруге, «Балалық шақ әлемі» сурет байқауына қатысты.

Пошта. Ауылда бір пошта бөлімшесі бар. Мерзімді басылымдар аптасына 3 рет жеткізіледі. Қолма-қол есеп айырысу, хаттар, сәлемдемелер, аударымдар беру жазылу жоспары 100% орындалды.

 

Бұл уақытта жылу беру маусымы аяқталды.  

Ауылшаруашылығы. Ауылда барлығы ІҚМ бар-209 бас, оның ішінде аналық бас - 129 бас, жылқы-280 бас. Ұсақ мал -687 бас, оның ішінде қой – 482 бас, ешкі - 205 бас, шошқа-108 бас. Облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатыстық.  

Ауылда 38 шаруа қожалығы, 7–ЖШС бар.

28.05.2025 жылы «Крамар» ЖК-ға иттерді аулауға өтінім берілді. Иттерді аулау жұмыстары жүргізілмеген.

Абаттандыру. Есепті кезеңде абаттандыру бойынша айлық жеке аулалардан қоқыс шығару бойынша жұмыстар жүргізілді, 15 тонна шығарылды. Бір қоғамдық аялдама орнатылды, қоғамдық қызметкерлердің күшімен орталық көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде, 1,2 к/км ретке келтірілді. орталық парктің аумағы мен алаңы ретке келтіріледі. Орталық алаңды тазарту бойынша экологиялық сенбілік өткізілді. Сондай-ақ, 33 бұта отырғызылды.

Фейсбук пен Instagram әлеуметтік желілерінде ауылда өткізілетін барлық ақпараттар мен іс-шараларды қамтудамыз.

 

Есепті кезеңде бір өтініш түсіп, тиімді және уақытта орындалды.

 

Есептік кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген. Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланды. «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату».

 

Egov бұрышы арқылы - 17 қызмет көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 июня 2025