Нахимов ауылдық округі әкімінің "2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы"есебі

Жаңа 2025 жылды қарсы алу үшін Нахимовка ауылындағы әкімдік ғимараты жаңа жылдық мерекелерге орай безендірілді: қардан жасалған фигуралар, түрлі түсті шамдар, баннер ілінді. Нахимовка ауылында барлық балаларға жаңа жылдық шырша өтті. Балалар ән айтты, қыс мезгілі, Жаңа жыл және Аяз ата туралы тақпақтар оқыды, шыршаны айналып, би биледі. Бұл өте көңілді және қызықты болды. Іс шараны дайындап, балалар мен ересектерге арналған мерекені кітапханашы Бекжанова С.Н. жүргізді. Демеушілеріміздің арқасында Нахимовка және Баранкөл ауылдарының балаларына жаңа жылдық тәттілер (кульки) дайындалып, сыйға тартылды. Сыйлықсыз ешкім қалған  жоқ, бәрі жақсы көңіл- күймен үйлеріне оралды.

 Халықаралық 8 наурыз күнін мерекелеу қарсаңында  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға және ең қарт зейнеткер  анаға құрмет көрсетілді. Бар болғаны 5 адам.

Наурыздың 21-22-сі аралығында Державинск және Нахимовка ауылында Наурыз мейрамы – 2025 мерекелеу шаралары өтті. Ауылда жүргізілген іс шаралар:

«Бешбармақ» мерекелік асы тартылды, ауыл тұрғыны Жүсіпбекова Нағрипа «Наурыз көже» әзірлеп, тұрғындарға ұсынды, қолдан пісірілген тағамдар сайысына ауылдан 8 әйел  қатысты.

Ұлттық ойындар өткізілді: жабағы жарыс, тай жарыс;

Спорттық іс шаралар: 24 кг, 16 кг, 8 кг кір көтеру және тірі қойды көтеру.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Санитарлық тазарту және абаттандыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, ауылдық округ аумағындағы ауыл жолдарының бойындағы жусан мен арамшөптерді жою жұмыстары әкімдік қызметкерлері мен қоғамдық еңбекақы төленетін жұмыскермен тұрақты түрде жалғасуда. Қоқыс қалдықтары жиналды (шыны және пластик бөтелкелер, полиэтилен пакеттер мен қаптар, қағаз және т.б.). 830 келі қоқыс шығарылып, өртелді. Апта сайын таза бейсенбіліктер және сенбіліктер өткізіледі.

Ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының жанына 100 түп шие мен қарақат көшеттері, гүл түптері  отырғызылды.

Бұрыннан жиналған үйінділер жоқ, бірақ әр ауланың жанында қи үйінділері бар. Оны шығару егіс жұмыстарынан кейін жоспарланған. Қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Балаларды қорғау күнінде Баранкөл ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаға 10 000 теңгенің тәтті пакеті сыйға тартылды.

Қысқы кезеңде ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау жұмыстары «Тулебаева С.» ЖК, «Гайдуков» ЖК келісім бойынша және «Осана-агро» Пугачев А.Н.» ЖШС-мен жасалған меморандум бойынша жүргізілді.

2025 жылы маусым-шілде айларында Нахимовка ауылы мен Баранкөл ауылының кіре-беріс жолдарын күн батареяларымен жарықтандыру жоспарлануда.

Барлық мерекелік шаралар ауданның Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде көрініс тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Дата публикации
21 июня 2025