Далабай ауылы әкімінің "2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы"есебі

2025 жылғы 1 маусым жағдай бойынша Далабай ауылында 218 адам тұрады, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді халық - 106 адам.

Бүгінде Далабай ауылында 2 ЖШС, 12 шаруа қожалығы жұмысын жалғастыруда. Далабай ауылының шаруашылықтарында ғана 36725 га ауыл шаруашылығы жерлері, егістік жерлер - 19965 га, жайылымдар - 12790 га, шабындықтар - 3970 га.егістік жерлер негізінен шаруа қожалықтарына тиесілі.

Далабай ауылында 60 үй иесі бар, олардың 48-сі өз малдарын ұстайды. 2025 жылғы 1 маусым жағдай бойынша ірі қара мал саны - 190, жылқы - 131, ұсақ мал-872 бас.     

"Далабай негізгі мектебінде" 11 мұғалім жұмыс істейді. Мектепте 35 оқушы білім алуда. Мектеп жанынан барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істейтін "Болашақ" шағын орталығы бар, 3 жастан5жасқадейінгі15балабарады.

 

Ауылдық кітапхана ауыл әкімі аппаратының ғимаратында бір үй - жайда орналасқан, кітап қоры 12368 дана, ал ауылдық медпункт штаты 2 адамды құрайды(медицинақызметкерініңбослауазымыбар) .

 

«Биыл «Ауыл аманаты» атты 3 жоба дайындалды. Ауылды абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 6 айда 30 сенбілік пен таза бейсенбілік өткізілген.Аулалардан тәртіппен 250 тонна қоқыс шығарылды. Қыста көшелер дер кезінде қардан тазартылды. Көктемде су тасқынының алдын алу кезеңінде ауылдан 30 текше метр қар шығарылды. Жеке кәсіпкер Төлебаев тазалау және шығару жұмыстарымен айналысқан.

Шілде айында Гагарин көшесінің бойына 5 шам мөлшерінде қосымша көше жарығын орнату жоспарлануда.

 

Дата публикации
21 июня 2025