Есепті кезеңде Гастелло ауылында 654 адам тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 320 адамды құрайды. 93 зейнеткер, 29 мүгедек. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен 6 әйел, 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 8 көп балалы отбасы марапатталды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығына бір мемлекеттік қызмет 2025 жылғы 28 наурызда көрсетілді, Петушкова А.А. ауыл шекарасынан қосымша жер учаскесін беру.
Кірістер:
бюджеттің кіріс бөлігі бойынша нақтыланған жоспар – 10 192,0 мың теңге;
-жеке табыс салығы 500,0 мың теңге жоспармен 950,0 мың теңге түсті, артығымен орындалуы 450,0 мың теңгені құрады;
- мүлік салығы 36,0 мың теңге жоспармен 0,3 мың теңге түсті, орындалмағаны 35,7 мың теңгені құрады;
-жер салығы 263,0 мың теңге жоспармен 375,0 мың теңге түсті, артығымен орындалғаны 112,0 мың теңге;
- жеке тұлғалардан көлік салығы 2569,0 мың теңге жоспармен 1875,8 мың теңге түсті, орындалмағаны 693,2 мың теңгені құрады;
- бірыңғай жер салығы 6748,0 жоспармен 4159,4 мың теңге түсті, орындалмағаны 2588,6 мың теңгені құрады;
- 76,0 мың теңге жоспармен жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем 122,2 мың теңге түсті, 46,2 мың теңге артық орындалды.
Ауыл шаруашылығы.
Гастелло ауылында 28 шаруа қожалығы мен үш жауапкершілігі шектеулі серіктестік («Кен-М», «Агропромтехника», «Сельхозхимия») тіркелген.
«Сельхозхимия» ЖШС ауылшаруашылық жерінің жалпы көлемі 4314 га, оның ішінде егістік 3895 га, шабындық 419 га. «Агропромтехника» ЖШС ауылшаруашылық жерінің жалпы көлемі 712,2 га, оның ішінде егістік жері 712,2 га. «Кен-М» ЖШС-нің ауылшаруашылық жерінің жалпы көлемі 19766 га, егістік жері 10805, жайылымдық жері 8961. ЖШҚ жалпы көлемі 24792 га, оның ішінде егістік жері 15412 га. Шаруа қожалықтарындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі 21738 га, оның 20230 егістік, 1469 га жайылымдық жер.
Дәнді дақылдар 22976 гектарды құрайды.
Білім.
Жалпы білім беретін мектепте 93 оқушы, 34 мұғалім білім алуда, оның ішінде 33 мұғалім жоғары білімді, 1 орта арнаулы білімді, мектепте 25 балаға арналған «Балдәурен» шағын орталығы жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау.
Гастелло ауылында ФАП бар. Тұрғындарға 2 медицина қызметкері қызмет көрсетеді. ФАП меңгерушісі, медбике мен медбике. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 5 бала дүниеге келді. Медицина қызметкерлері жалғызбасты зейнеткерлер мен созылмалы аурумен есепте тұрған адамдарды үйме-үй аралауды ұдайы жүргізеді.
Аббантандыру.
Өткізілген жиналыстар – 2.
Таза бейсенбіліктер өткізілді – 4 , 180 адам қатысты.
Өткізілген сенбіліктер – 5, 145 адам қатысты.
59 хабарлама жіберілді.
Жеке кәсіпкерлердің қоғамдық және тұрғын үйлерінің қасбеттері жөнделді – 3 дүкен.
Мектеп аумағынан шығарылатын құрылыс қалдықтары – 200 тонна
Мәдениет үйінің алаңынан шығарылған күл мен қож – 300 тонна
Жеке шаруашылықтардан шығарылған қоқыс пен шлак – 115 тонна
Бұқаралық ақпарат құралдарында абаттандыру бойынша жарияланған мақалалар – 1.
Отырғызылған ағаштар – мектеп алаңында 5 шырша.
Мектеп алаңында, жәнеде мәдениет үйінің алдында Н.Ф. Гастелло мүсінің алдында гулдер отырғызылды.
Қоғамдық аялдамалар жабдықталған – 1.
Ауылдың төлқұжатын шығару кезінде сырлау және әктеу өткізілді.
Мамыр айында саябақта арамшөптер шабылды.
Мәдениет
Гастелло ауылының мәдениет үйінде Қоғамдық орталықтың меңгерушісі, мәдени ұйымдастырушы, кітапханашы, тазалықшы, екі сақшы жұмыс істейді.
Екінші жартыжылдықта келесі іс-шаралар өткізілді:
Гастелло ауылының 70 жылдығына, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне, Масленица халықтық фестиваліне, «Наурыз мейрамы» мерекесіне, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Балаларды қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара мен концерттік бағдарлама.
Демеушілік көмек көрсетілді
«Донское Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдағы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар алуға 253 798 теңге, «Наурыз мейрамын» өткізуге 200 000 теңге және 9 мамыр Жеңіс күніне 100 000 теңге демеушілік көмек көрсетті. «Сельхозхимия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бимағамбетова Қадишаның 100 жылдығына 50 000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Мерекелерге қаржылай көмек көрсеткен Эрин С.А., Салиндина Р.К., Салецкий Р., Вольф А.А., Печенюк Л.В., Султанова Р.К., Канафин Ч.С., Мырзабекова К., Терехин А.Н., Рыбакова С.О сияқты шаруа қожалықтарының басшылары да шет қалмады. Жалпы сомасы 465 000 теңгені құрады.
Балаларды қорғау күнін мерекелеуге ауыл жеке кәсіпкерлері В.Бондал, В.В., Долгов К.В., Бондаренко Н.А. балаларды тәттілермен қамтамасыз етуге көмек көрсетті.
Жеке Кәсіпкер Бондаренко А.П, арамшөптерді шабуға арнаған тример сатып алды.
«Көктемгі су тасқыны » кезінде көмек көрсеткен аудандық мемлекеттік мекемесінің басшылары: «Коммунсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК, «Атай» шаруа қожалығы, «СААН» шаруа қожалығы, «Алтын дән» ЖШС, «ЕС-Агро» шаруа қожалығы, «Аділбек» шаруа қожалығы, «Бабас» шаруа қожалығы.
Сондай-ақ қиын жағадайда бежай қалмай, көрсеткен баршаға, Гастелло орта мектебінің, мәдениет үйінің, ФАП ужымына, ауыл жастарының, ауылдың жергілікті тұрғындарына алғысымды білдіремін.