2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Жарқайың ауданының Львов, Пятигор, Тасөткел, Шойындыкөл ауылдарының әкімдерінің кезекті сайлауы және Пригород ауылы әкімінің мерзімінен бұрын сайлауға кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Львов, Тасөткел және Шойындыкөл ауылдарының әкіміне кандидаттарды тіркеді:

- Жарқайың ауданы Львов ауылының әкіміне кандидат:

  1. Әлиасқарова Гаухар Беріктасқызы, 1986 жылы туған, Жарқайың ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп, бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, Державин қаласы, Молодежный ш.а., 2 үй, 20 п. тұрады, өзін-өзі ұсыну ретімен;

 

- Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының әкіміне кандидаттар:

  1. Долинина Любовь Леонидовна, 1970 жылы туған, Жарқайың ауданының «Шойындыкөл ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Шойындыкөл ауылы Ы.Алтынсарин к., 9 үй 2 п. тұрады, өзін-өзі ұсыну ретімен;
  2. Саухимова Сәуле Төлегенқызы, 1965 жылы туған, Жарқайың ауданының «Тасөткел ауылы әкімінің аппараты» ММ әкім, Державин қаласы, Ғабдуллин к., 61 үйде тұрады, «AMANAT» партиясы ҚБ ұсынылған;

- Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының әкіміне кандидат:  

  1. Бердығали Нұрхан Қартанұлы, 1976 жылы туған, Жарқайың ауданының «Шойындыкөл ауылы әкімінің аппараты» ММ әкім, Шойындыкөл ауылы, М.Маметова к., 3 үйде тұрады, «AMANAT» партиясы ҚБ ұсынылған.

 

                           Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
19 июня 2025