Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 28/133 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдесіне тағайындалған Львов, Пятигор, Тасөткел, Шойындыкөл ауылдарының әкімдерін кезекті сайлау және Пригородное ауылы әкімінің мерзімінен бұрын сайлауына байланысты, «Целлиное знамя» газетінің редакциясы кандидаттарға үгіт материалдарын жариялау үшін баспасөз алаңын ұсынады.

Әкімдікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау туралы шарттар тіркеу аяқталған сәттен бастап жасалады.

1 шаршы сантиметрдің құны – 150 (жүз елу) теңге:

Қара-ақ беттер – 2, 3, 6, 7-беттер;

Түсті беттер – 4, 5, 8-беттер.

Львов, Пятигор, Тасөткел, Шойындыкөл ауылдарының әкімдерін кезекті және Пригородное ауылы кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін негіз:

Кандидаттың тіркелгені туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі;

БАҚ басшысының атына жазылған жазбаша өтініш.

Материалдар келесі түрде қабылданады:

Қолмен қойылған (кандидаттың немесе сенімді өкілінің) әр бетіне қол қойылған басылған нұсқада;

Немесе электрондық тасымалдағышта.

Үгіт материалдары тек 100% алдын ала төлем жасалғаннан кейін, келіп түскен тәртіппен және газетпен жасалған шарттардағы мерзімдерге сай жарияланады.

Кандидаттардың үгіт бағдарламалары жарияланған кезде қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы міндетті.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды.

 

 

 

«Держава Пресс» ЖШС директоры                                                           Вольф Р.К.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 июня 2025