«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, «Жарқайың ауданының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №28/110 қаулысына сәйкес, Жарқайың ауданының Львов, Пятигор, Тасөткел, Шойындыкөл ауылдарының әкімдерін кезекті сайлау және Пригород ауылының әкімін мерзімінен бұрын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамын хабарлаймыз:
Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Державин қ., Мир көшесі, 78, каб.9, тел.8(71648) 9-12-10.
Комиссия төрайымы – Рамазанова Жанар Хабидоллақызы;
комиссия төрайымының орынбасары – Әбітаева Эльмира Алтайқызы;
комиссия хатшысы – Бижанов Жангелді Мұхамбетқалиұлы;
комиссия мүшелері: Жүсіпбекова Мәншүк Мақсұтқызы, Мұташева Марина Анатольевна, Николайцева Ирина Михайловна, Платонова Ирина Владимировна.
Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы